Семейде «Abay Media Group» медиахолдингі өз жұмысын бастады
11.05.2022 | 15.48
0
159
2022 жылдың мамыр айынан бастап Семей қаласында жаңа медиахолдинг өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жаңа ақпараттық кәсіпорынды танымал медиаменеджер, осы уақытқа дейін Өскемен қаласындағы «Шығыс Ақпарат» ЖШС басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мирас Малғаждаров басқарады.
«Abay Media Group» ЖШС құрамына abaiaqparat.kz, abaynews.kz, semeynews.kz интернет порталдары, «Semeystan», «Типичный Семск», «Semey Life», «Semey Public», «Semey 24», «АБАЙ АҚПАРАТ» интернет жобалары, «Content analytics» (интернет мониторинг пен аналитика), IT жобаларды құрастыру және басқару (bigdata, мобильді қосымшалар, интернет сайттар және т.б.), мобилография саласын дамыту бөлімдері мен «Әлеуметтік талдаулар жүргізу орталығы» кіреді.
Комментарии (0)