Семейде қала көшелерін жарықтандыру жалғасуда
18.01.2022 | 09.59
0
30
Семей қаласында қала көшелерін жоспарлы жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Аштайньюс тілшісі.
Биылғы жылдың алғашқы күндерінде Қазкрайдың ең ұзын көшелерінің бірінде жаңа шамдар орнатылды.
Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көшені жарықтандыру енді Қосанов көшесі, Алтай және Терешкова көшелерінің қиылысындағы қосылатын болады. Аталған көшелердегі бұрыннан бар тіректерген тағы 9-ы қосылып, 17 шам орнатылды және 700 метр ССП сымдары тартылғае.
Монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Қосанов көшесіне қаласының әкімі Бақытжан Байахметов келіп, жергілікті тұрғындармен кездесіп, осы аудандағы алдағы жұмыс жоспарларын талқылады.
Қала басшысының айтуынша, ШҚ АЭК энергетиктері Қазақстанда төтенше жағдай орнауының алдында тіректерді орнатып, сымдар тартқан көрінеді.
- Біздің қалада жағдай тұрақты. Елдегі жағдайды барлығыңыз білесіздер. Сондықтан Президенттің белсенді іс-қимылдарының, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында біз жағдайды тұрақтандыра алдық. Қысқа уақыт ішінде барлық коммуникациялар орнатылды. Қала қазір қалыпты өмірге қайта оралды, - деп атап өтті Бақытжан Байахметов.
Қазкрайдағы Қосанов көшесінен басқа, осы айда Комсомольский кентіндегі Бөрілі көшесінде Семейдегі көше жарығын қосу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 50-ден астам шам орнатылды, олар осы шағын аудандағы жолдың 1500 метрін жарықтандырады.
Жақын күндері энергетиктер Дружба көшесі мен Панфилов көшесінде (Дулатов көшесінен Абай көшесіне дейін) көше жарығын жаңғырту жұмыстарына кіріседі.
Комментарии (0)