Семейде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ
12.01.2022 | 14.56
0
23
Семейдің ақпарат орталығы қалада азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалмайды, деп мәлімдеді.
Мамандар сауда орындарында баға тұрақты екенін айтты. Барлық жерде алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салынған.
– Жалпы бізде барлық дәрі-дәрмек жеткілікті. Баға мен сапа жіті бақылауға алынған. Өнімдерді жеткізу бойынша ешқандай іркіліс жоқ, – дейді фармацевт Гүлбаршын Исабекова.
– Қала әкімі Бақытжан Байахметовтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік дүкендердің жұмысы ерекше бақылауға алынды. 10 арнайы дүңгіршек пен 20 дүкен үздіксіз жұмыс істейді. Онда тұрақтандыру қорынан өнімдер уақтылы жеткізіледі. Мысалы, пияз, қырыққабат, сәбіз және картоптың бір келісі 82 теңге, ал жұмыртқа 33 теңгеден сатылады, – деп мәлімдеді ақпарат орталығы.
Комментарии (0)