Семейде бір жастағы сәби пәтерде қамалып қалды
28.10.2021 | 10.51
0
48
Пәтерде жалғыз өзі қамалып қалған сәбиге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек,үйге кіру үшін құтқарушылар терезеден көтерілуге мәжбүр болған.
- Оқиға орнында дереу жеткен 2-МӨСБ қызметкерлері альпинистік құралдардың көмегімен бесінші қабаттан үшінші қабаттың ашық терезесіне түсіп, пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. Пәтерде 2020 жылы туылған бала жалғыз болған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство облыс тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмау керектігін және төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөмірі бойынша хабарласуға кеңес береді.
Комментарии (0)