Семейде екі кішкентай баланы көлік қағып кетті
11.11.2021 | 11.04
0
43
Семейде екі бірдей баланы көлік қағып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кеше сағат шамамен 18:00 кезінде Морозов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолағымен екі баласын жетектеп келе жатқан әйелге қызыл-қошқыл түсті көлік жол бермеген. Салдарынан екі бала көлік дөңгелегінің астына түсті. Ал көлік жүргізушісі болса көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі уақытта көлікті іздеу жұмыстары жүргізілуде. Абырой болғандай балалардың денсаулықтарына еш қауіп жоқ.
Куәгерлер болса келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуды сұрайды: +7 (700) 777-01-10, +7 (747) 656 5287, +7 (747) 904-01-44.
Комментарии (0)