Семейде ірі көлемде заңсыз темекі тәркіленді
18.11.2021 | 14.05
0
43
Семейде 54 миллион теңгенің заңсыз темекісі тәркіленді, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
– Іс фигуранттарына тиесілі сауда орындары, қоймалар, машиналарда жүргізілген тінту нәтижесінде түрлі атаудағы акциздік маркасыз 116 мыңнан астам темекі тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес темекі өнімінің құны 54 миллион теңгеге бағаланады, – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысындағы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ведомствоның мәлімдеуінше, темекі өнімдерінің заңсыз нарығы ұлттық деңгейде қауіп. Бұл сапасыз тауар немесе салық төлемеу ғана емес, сонымен бірге қоғам мен мемлекетке айтарлықтай қатер төндіреді.
Комментарии (0)