Семейде көше жарығын жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты
21.01.2022 | 17.00
0
28
Семейде 2022 жылдың алғашқы күндерінен бастап көше жарығын жаңғырту бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл жолы жарықтандыру Казкрайда, Қосанов көшесінде, Алтай мен Терешкова көшелеріне дейін тартылды. Қосымша 9 тірек қосылып, 17 шам орнатылды. Сондай-ақ, 700 метр сым тартылып отыр.
Айта кету керек, Біріккен энергетикалық сервистік компанияның мердігерлік ұйымының жұмысшылары жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап тұрғындарды жарықпен қамтамасыз ету үшін белсенді түрде жұмысқа кірісті. Төтенше жағдай кезінде де энергетиктер жұмысын ары-қарай жалғастырды.
Сондай-ақ, Комсомольский кентіндегі Бөрілі көшесі жарықтандыруға қосылды. Онда 1400 метрге 50-ден астам шам орнатылды. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта сол жағалаудағы Дружба көшесі мен Панфилов көшесінен Дулатов көшесіне дейін, Дулатов көшесінен Абай көшесіне дейін жарықтандырылмақ.
Тағы бір мердігер ұйым – Горсвет. Олар Рубусин көшесін жарықтандырды. Бұл Мичурин көшесінен Дальний көшесіне қарай бұрылатын бұрылыс. Онда 18 тірек, 16 шам орнатылып, 550 метр ССП-сым тартылды. Аталмыш ұйым техникалық шарттар бекітілгеннен кейін, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған кенттердегі көше жарығын жаңғыртуымен аяқтайды.
Комментарии (0)