Семейде келер жылы қандай жұмыстар атқарылады?
28.12.2021 | 15.26
0
51
Семей қаласы мәслихатының кезекті 20-шы сессиясы өтті. Онда депутаттар Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін қарады. Жиын барысында алдағы жылдары Семейде атқарылатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бюджеттік қаржыландыру есебінен тұрғын үйлер салу және оларға инженерлік желілер жүргізу, Шығыс кенті мен Шақаман ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту және кеңейту көзделген.
Сонымен қатар, қала жолдарын жөндеу, оң жақ бұрылыстарды орнату, білім беру объектілеріне кіреберіс жолдарды және «Семей-Талица» автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
14 аула аумағы абаттандырылып, қалалық мал қорымы салынады.
Сондай-ақ, қаланың шет аймақтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 16 балалар, спорт және көпфункционалды алаңдарды орнату жоспарланған.
Қайнар ауылын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, ауыл жолдарын ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұқыр және Мұрат ауылдарына кіретін жолдар жөнделеді.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 6 360 900 мың теңге қарастырылған.
Абыралы ауылдық округінде балалар ойын алаңы салынады. Ақбұлақ, Жиенәлі және Новобаженово ауылдарында көше жарығы орнатылады.
Алғабас ауылында бұрынғы интернат ғимараты жөнделеді. Көкентауда сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Талица және Жарқын ауылдарында көшелерді жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Комментарии (0)