Семейде металл өңдейтін цех өртенді
10.08.2021 | 15.30
0
80
10 тамыз күні сағат 07:37 шамасында Семейдегі ЖШС-лардың бірінде өрт шықты.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, жалын металл өңдейтін цехтен шыққан.
«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде киім ауыстыратын бөлмедегі ағаш шкафтар жанып жатты. Сондай-ақ цехтың ішін түтін тұмшалап алған. Өрт сөндірушілер көп ұзамай 30 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.
Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарының апаттық режимінен немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болуы мүмкін», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Комментарии (0)