ШҚО-ның тағы бір қаласында «Сергек» орнатылады
09.12.2021 | 14.52
0
30
Биылғы жылы «Сергек» камераларының арқасында 150 мыңнан астам жол ережелерін бұзу фактісі анықталған. Бұл көрсеткіш өткен жылғақарағанда 40 пайызға артық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Негізінен «Сергек» камералары облыстағы жол ережелерінен бөлек, әкімшілік құқықбұзушылық фактілерін анықтауға да көп септігні тигізеді.
Атап айтқанда, биылғы жылы осы камералар арқылы 9 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 137 қылмыстық іс ашылды.
- Келесі жылдан бастап «Сергек» камераларын Семей қаласында іске қосу жоспарлануда. Әзірге камералар 74 қиылыс пен 40 желілік учаскелерді қамтитын болады. Камераларды орнататын орындардың тізімі бекітілді, - деді Марина Гагарина.
Сонымен қатар, келесі жылы өңірде қаладағы барлық камераларды бірыңғай бейнебақылау жүйесіне біріктіру жоспарлануда.
Комментарии (0)