Семейде өткен жылы қандай жобалар жүзеге асырылды?
20.01.2022 | 07.20
0
27
Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 2021 жылы бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылған жобалар:
1. Восточный кентінде 1200 орындық орта мектеп құрылысына – 2,5 млрд. теңге;
2. Білім беру нысандарын жөндеуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 1 млрд. теңге;
3. Мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандарын жөндеуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 98,4 млн. теңге;
4. Жолдар мен көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуге (37,4 км) – 3,5 млрд. теңге;
5. «Семей – Қайнар» автомобиль жолын орташа жөндеуге (62 км) – 2,1 млрд. теңге;
6. Қарағайлы тұрғын ауданында сатып алу құқығынсыз көпқабатты жалға берілетін үйлер салуға – 1,6 млрд. теңге;
7. Қарағайлы тұрғын ауданында көпқабатты несиелік үйлер салуға – 10,7 млрд. теңге;
8. Тұрғын үй құрылысы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуге – 2,3 млрд. теңге;
9. Холодный ключ кентінің сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуға (24 км) – 845 млн. теңге;
10. Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға – 1,2 млрд. теңге;
11. Қаланы және аула аумақтарын абаттандыруға – 234 млн. теңге.
Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен іске асырылған жобалар да бар:
1. «Восход» кентінің бұрынғы Семей су зауыты аумағында мультидақылдарды (күнбағыс, рапс, соя) қайта өңдейтін автоматтандырылған кешен салуға – 9,1 млрд. теңге.
Комментарии (0)