Семейде волейболдан клубтық Азия чемпионаты өтіп жатыр
25.04.2022 | 09.07
0
78
24 сәуір күні Семей қаласында әйелдер командалары арасында волейболдан клубтық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- - Азия чемпионатын ашу мен үшін үлкен мәртебе. Пандемиядан кейін мұндай жарыстар спортшылар мен жанкүйерлер үшін өте қажет. Чемпионатқа біздің елден волейбол алаңына екі команданың шығуы қуантады, олардың арасында өткен маусымның көшбасшысы - "Алтай". Азия волейбол Федерациясына чемпионатты өткізу кезінде сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін, - деді ШҚО әкімі.
Шығыс Қазақстан әлемдік деңгейдегі спорттық шараны үшінші қабылдап отырған көрінеді. Бұл жолы байрақты бәсекеге бес ел қатысқан. Ол - Қазақстан (2 команда - шығысқазақстандық "Алтай" мен СҚО-ның "Қуаныш" командасы), Қырғызстан, Өзбекстан, Таиланд және Иран.
Комментарии (0)