Семейде жұмыс берушісінен 5 дана ұялы телефон жымқырған күдікті ұсталды
27.10.2021 | 09.47
0
40
Дүкен сатушысы жұмыс берушісіне 3 млн теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
14 қазан күні Семей қаласындағы Орталық полиция бөлімшесінің «102» жедел арнасына 44 жастағы ЖШС басшысы жүгінді. Ол 4-11 қазан аралығында дүкеннің 26 жастағы сатушысы сауда үйлерінің біріндегі жұмыс орнынан 5 дана ұялы телефонды жымқырып кеткенін айтады. Келтірілген залал шамамен 3 500 000 теңгені құрайды.
-Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған күдіктіні қолға түсірді. Ол тергеу барысында өз кінәсін толықтай мойындады. Белгілі болғандай, күдікті аталған ұялы телефондарды ломбардқа өткізген, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Комментарии (0)