Семейде жақын арада балаларға арналған оңалту орталығы ашылады
30.11.2021 | 17.16
0
62
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Семейге жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс нысандарымен, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс әкімі Қарағайлы экологиялық таза ауданында орналасқан 2023 жылы пайдалануға берілетін 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылыс алаңында болды.
Сондай-ақ, "Семей қаласының перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК базасында балаларды оңалту және ерте араласу орталығын ашу бойынша дайындық жұмыстарын да көріп қайтты.
Орталық Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық" корпоративтік қорының қолдауымен салынған. Жақын арада орталық өз жұмысын бастайды.
Мұнда 3-18 жас аралығындағы балаларға ең заманауи медициналық көмек көрсетіледі. Бір ерекшелігі, орталықта жаңа туған және 3 жасқа дейінгі балалар емделетін бөлімше де бар. Ал бұл Шығыс Қазақстандағы жалғыз мекеме болмақ.
Жыл сайын 2 мыңға жуық бала мұндай көмекке зәру екен.
Орталық ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлер арасында балалар мен олардың ата-аналарына емделуге және сауықтыруға көмектесетін медициналық колледж түлектері де бар.
Комментарии (0)