Семейде жайылымнан мал ұрлаған күдікті ұсталды
05.03.2021 | 12.00
0
359
Жайылымнан 5 бас мал ұрлап, 150 000 теңге шығын келтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ПД мәліметі бойынша, Семей қалалық Әуезов полиция бөліміне 55 жастағы ер адамнан арыз түскен. Оның айтуынша, 2020 жылдың сәуір айында Знаменка тас жолында (Семейден 96 шақырым) орналасқан жайылымнан белгісіз ер адам 5 бас ұсақ мал ұрлаған.
- «Скотокрад» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Абай ауданының 51 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдікті жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Комментарии (0)