Семейде жер үй өртенді
11.08.2021 | 14.09
0
80
Семейде жер үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 10 тамызда 1-Водный кентінде жер үй өртенді. Жалпы ауданы 28 шаршы метр. Үйдің төбе қаптамасының ағаш конструкциясы, терезе бөліктері, жиһаздары, жеке заттар мен тұрмыстық техникалар жанып кетті, – деп мәлімдеді ТЖД.
Үй иесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. Сол үшін оған әкімшілік хаттама толтырылады.
Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Комментарии (0)