Семейде жоғалған студент аман-есен табылды
10.09.2021 | 09.39
0
108
Осы аптаның басында жоғалып кеткен семейлік 17 жастағы студент кеше табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, Сымбат дүйсенбі күні колледжге кетіп, қайтып оралмаған. Сол күні кешке оның ағасы полициядан көмек сұрауға мәжбүр болған.
- Семей қаласының полиция қызметкерлері 9 қыркүйек күні іздестіру жұмыстарының барысында кәмелетке толмаған Сымбат Сабыровты тапты. Қазіргі уақытта ол ата – анасының қолына тапсырылды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Комментарии (0)