Семейдегі гараждардың бірінен граната тәркіленді
12.07.2021 | 16.17
0
95
11 шілде күні Семей қаласындағы гараждардың бірінен гараната тәркіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
11 шілде күні Семей қаласындағы Затон полиция бөлімшесіне қала тұрғыны жүгініп, Силина көшесіндегі гараждардың жанында гранатаға ұқсас металл зат жатқанын хабарлады.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері келіп, тиісті сараптамалар жүргізу мақсатында ол затты тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықтаула, - деп хабарлады Семей қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Тергеу барысындағы ежгей-тегжейлі ақпарат жария етуге жатпайды.
Комментарии (0)