Семейдегі мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істейді
11.01.2022 | 15.27
0
20
Олардың барлығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қазіргі уақытта балабақшаларға 6 мыңға жуық бала барады.
Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, бүгінде Семейде 60 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, онда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.
- Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде. Біздің балабақшаға 285 бала барады. Штаттық режимде 12 топ жұмыс істейді. Тәрбиешілер мен педагогтар жұмысты жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырып жатыр. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында балабақшада 74 бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ, ата-аналар мен балабақшаға келушілерге ыңғайлы болу үшін бейне есік орнатылған. Бейнежазбалар жедел басқару орталығына беріледі. Оларды білім бөлімінің өкілдері де көре алады. Жазба серверде 90 күннен артық сақталады. Санитарлық талаптар да қатаң сақталады, – дейді №8 "Балбөбек" балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмағалиева.
Осыған ұқсас жұмыстар Семейдің басқа да мектепке дейінгі мекемелерінде жүргізілуде.
Комментарии (0)