Семейдегі пойыздардың бірінде жолаушыны зорламақ болған
27.12.2021 | 09.51
0
25
Әлеуметтік желіде Семей қаласындағы пойыздардың бірінде белгісіз ер адам жолаушы әйелді зорламақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған факті Семей станциясында тіркелген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап, тергеуді бастады.
Бұл баптың санкциясы күдіктіні бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Іс бойынша басқа ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Естеріңізе сала кетейік, 2019 жылы «Тұлпар-Тальго» пойызының жолаушысын екі жолсерік зорлағаны анықталған болатын. Кейін елімізде әйелдер вагоны пайда болды.
Комментарии (0)