Семейдегі әскери қалашықта күзет күшейтілген
14.01.2022 | 14.39
0
17
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жеке құрамы әскери қалашықта тұратын отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Біздің қауіпсіздігімізді әскерилер бақылап отыр. Соның арқасында бізде алаңсыз жүре аламыз, - дейді жергілікті тұрғын Гүлсара Оспанова.
Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты әскери қалашыққа кіретін жолдар бұғатталды.
- Аумаққа кіретін барлық көлік мұқият тексеруден өтеді. Әскери қызметшілер қалашықтың ішкі және сыртқы периметрі бойынша патрульдеу жүргізеді.Іс-шаралар гарнизон бастығы генерал-майор Асан Жүсіповтың басшылығымен жүзеге асырылуда, - деді "Шығыс"өңірлік қолбасшылығы.
Комментарии (0)