Семейлік тұрғындардың 60% - ға жуығы қайта вакцинацияланды
19.01.2022 | 10.09
0
33
Қазіргі таңда Семей қаласының № 1 емханасында қала тұрғындарының 60% - ға жуығы қайта вакцинацияланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әлемде коронавирустың жаңа, мутацияланған "омикрон" штаммы таралып жатқаны белгілі. Ол басқа штаммдардан инкубациялық кезеңінің аздығымен және басқаларына қарағанда 5-7 есе тез таралатынымен ерекшеленеді. Орташа алғанда, инкубациялық кезең бір күннен үш күнге дейін.
- ДДСҰ мәліметтері бойынша, омикрон жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді және трахеит пен бронхит құбылыстарын тудырады. Сондықтан ол ЖРВИ мен тұмауға ұқсас,-дейді Семей қаласының №1 емханасының инфекционист - дәрігері Гүлнар Сахаритова.
АЙта кету керек, ревакцинация вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін алты айдан кейін жүзеге асырылады.
- Ревакцинация медициналық пункттерде жүргізіледі. Көшпелі бригадалар да жұмыс істейді. Ревакцинация алдында пациентті тексеріп, температурасын өлшейміз. Егер барлығы дұрыс болса дәрігер ревакцинацияға рұқсат береді. Бұрын вакцинацияның толық курсын алған жүкті әйелдер де қайта вакцинацияланады. Жүкті әйелдерді ревакцинациялау "Pfizer" вакцинасымен жүргізіледі. Жалпы ревакцинацияны "QazVac" және "Ver Cell" вакциналарымен жүргізеді. Бүгінгі таңда біздің емханада халықтың 60-70% - ы қайта вакцинацияланды, - деп атап өтті Семей қаласының №1 емханасының жалпы практика дәрігері Арайлым Құдайбергенова.
Брифинг соңында спикерлер қала тұрғындарын ревакцинацияға шақырып, бүгінгі таңда бұл коронавирустық инфекциядан қорғаудың ең тиімді құралы екенін атап өтті.
Комментарии (0)