Шәкәрім даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылады
23.05.2022 | 10.11
0
65
Бүгін облыс орталығындағы Шәкәрім даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ таратқан мәліметке сүйенсек, Шәкәрім даңғылы бойынша ТК-719/2-ден ТК-723-ке дейінгі жылу желісінің учаскесіне жөндеу жүргізуге байланысты автокөлік техникасының қозғалысы уақытша шектеледі.
- Шәкәрім даңғылы 33 к1 мекен-жайы ауданындағы учаскеде 23 мамыр сағат 13:00 — ден 5 маусым күні сағат 17:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне қарай екі автокөлік қозғалысының жолағын жабу жоспарланып отыр. Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және осы бағыт бойынша қозғалысты алдын ала жоспарлауға кеңес береміз! – делінген хабарламада.
Комментарии (0)