ШҚО-ға келетін туристер саны артқан
09.12.2021 | 10.03
0
32
Шығыс Қазақстанның көркем де ғажап табиғаты әлем елдері мен республиканың түкпір-түкпіріндегі тұрғындарды қызықтырмай қоймасы анық. Сондай әсем жерлердің бірі – Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығындағы Марқакөл көлі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қорық қызметкерлерінің айтуынша, биылғы жылы өңірдің інжу-маржаны саналатын жерге келушілердің саны артқан.
- Өткен жылы бізге 660 турист келген болса, ағымдағы жылы 1000-нан астам келушілерді қабылдадық. Айта кету керек, қорықты көруге келген өз еліміздің тұрғындарынан бөлек, өзге мемлекет азаматтарының да саны артқаны біздің қуантады, - дейді «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының міндетін атқарушы Құрманбаев Әлішер.
Сондай-ақ қорық қызметкерлері экологиялық білім беруге көп көңіл бөліп, мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізетін көрінеді. Ол жерде барлық жұртшылық назарын облыстың табиғи объектілерін қорғау және зерттеу проблемаларына аудара отырып, акциялар ұйымдастырылады. Әлішер Құрманбаевтың айтуынша, "Саябақтар шеруі" экоакциясына облыстың қалалары мен аудандарынан 300-ден астам оқушы қатысқан.
Комментарии (0)