ШҚО бас фтизиопедиатры: БЦЖ екпесі– әлемдегі жалғыз туберкулезге қарсы тиімді вакцина
18.05.2022 | 11.00
0
58
Балалық шақ – адам өмірінің аса маңызды кезеңі. Бұл уақытта болашақтың, саулық пен салауаттың негізі қаланады. Елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың денсаулығына аса маңызды көңіл бөлінеді – қажетті скринингтік зерттеулер мен профилактикалық іс-шаралар медициналық көмектің бұлтартпас бөлшегі.
Осы ретте облыстың бас штаттан тыс фтизиопедиатры Светлана Моисеенко туберкулез ауруына қарсы екпенің маңыздылығын тағы бір рет еске салуды жөн санайды.
- БЦЖ екпесі балалар үшін міндетті вакциналардың бірі болып табылады, оны алғаш рет сәби жасында — перзентханада, дүниеге келген соң 3-4 күні жасайды. Ол туралы көптеген мифтер, әртүрлі өрілген және қорқынышты зардаптар мен асқынулар туралы әңгімелер тараған. Оларды тыңдай отырып, көптеген ата-аналар өздеріне жауапкершілік алады және осы вакцинациядан бас тартады. Олардың бірінші міндеті — дәрігерлерден БЦЖ туралы егжей-тегжейлі білулері қажет, өтйкені бұның арғы жағында ең бастысы бала денсаулығы тұр, — деді бас фтизипедиатр.
Маманның айтуынша, БЦЖ деген шет тілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette бациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ әлсіретілген сиырдың туберкулезді таяқшасынан жасалады. Оның негізгі мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату.
- Қазіргі уақытта осы екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурулардың алдын алып отыр. Көптеген балалар екпенің арқасында қайғы-қасіреттен қорғалып отыр. Олардың ішінде аурудың аса ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен суйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады; балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етіп отыр. Әрбір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар!», — деп атап өтті Светлана Моисеенко.
Анықтама үшін: 2022 жылдың 4 айы ішінде облыста балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезге шалдыққан алты жағдай анықталып, оның ішінде үш жағдай профилактикалық тексерулер кезінде анықталды.
Комментарии (0)