ШҚО-да 1357 нысан санитарлық талаптарды бұзған
30.11.2020 | 18.06
0
216
1 қазаннан 26 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында 166 мониторингтік топ жұмыс істеді. Рейд барысында 6979 нысан қамтылды. Оның ішінде 1357 нысаннан санитарлық талаптың сақталмауы бойынша бұзушылықтар анықталып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тексеру кезінде тіркелген негізгі ереже бұзу фактілері: маскалық режимді сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу, дезинфекциялық режимді бұзу, келушілерге ЖҚҚ-сыз (маска, қолғап) қызмет көрсету, объектілердің жұмыс режимін бұзуы, өнімдерді буып-түйілмеген түрде өткізу.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 506 айыппұл салынды, оның ішінде жеке тұлғаларға - 425, кәсіпкерлерге - 75 айыппұл.
Мониторингтік топтар тексеруден бөлек маскалық режимді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.
Комментарии (0)