ШҚО-да 136 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті
21.01.2022 | 11.06
0
19
Шығыс Қазақстан облысында 136 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer екпесін салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
– Бүгінге дейін бұл вакцинаны 163 748 адам алды. Оның ішінде 146 159 жасөспірім бар. 17 000-ға жуығы – жүкті және бала емізетін әйелдер. Екпенің екінші компонентін – 68 420 адам салдырды. Сондай-ақ 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын алып, ревакцинациядан өте алатынын айта кетейік. Қазір осы санаттағы 957 адам үшінші рет вакцина алып отыр, – деп мәлімдеді басқармадағылар.
Жалпы аймақ бойынша қазірде 136 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.
Комментарии (0)