ШҚО-да 200-ден астам адамның жеке куәліксіз жүргені анықталды
25.12.2021 | 14.08
0
29
Шығыс Қазақстан облысында 200-ден астам адам жеке куәліксіз жүрген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көші-қон қызметінің мамандары облыс аумағында құжатсыз өмір сүріп жатқан тұрғындарды анықтауды жалғастырып жатыр.
– Құжатты жоқтар әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен медициналық көмек ала алмайды. Жыл басынан бері өңір бойынша жеке куәліксіз жүрген 200-ден астам адам анықталды. Мәселен Өскемен қалалық полиция басқармасына Атырау облысында туған 69 жастағы әйел жүгінген. Ол 1953 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келген. Осында орта мектепті бітіріп, тұрмыс құрған. Алайда бүгінгі күнге дейін, яғни 40 жылдан астам уақыт бойы әйел 1974 жылғы төлқұжатпен жүрді. Көші-қон қызметіне жүгінген соң мамандар оған жеке куәлік алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетті. Сөйтіп, азаматша көптен күткен құжатты алып, зейнетақы рәсімдеді, – деп облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Комментарии (0)