ШҚО-да 2021 жылы іске асырылған агроөнеркәсіптік кешен жобалары
19.01.2022 | 20.34
0
26
ШҚО-дағы 2021 жылы іске асырылған агроөнеркәсіптік кешен жобаларының тізбесін ұсынамыз.
Абай ауданы
1. «ARYSTAN» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 71,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Аягөз ауданы
2. «Еркебұлан» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 121,9 млн. теңге. Жұмыс орны – 5; 3. «Қабанбай» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 95,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Бесқарағай ауданы
3. «Қалиқанұлы» ШҚ – 134,5 га алаңда суару жүйелерінің құрылысы, құны – 170,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5 (2021 жылы шілде айында пайдалануға берілген); 5. «Қалиқанұлы» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 250,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Бородулиха ауданы
6. «Красный Партизан» ШҚ» ЖШС – астық кептіру кешенінің құрылысы. Құны – 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орны – 30 (2021 жылдың желтоқсанында аяқталды);
Глубокое ауданы
7. «ОХМК» ЖШС – қуаттылығы сағатына 6 тоннадан басталатын құрама жем цехын кеңейту жолымен қайта жаңарту. Құны – 800 млн. теңге. Жұмыс орны – 30 (2021 жылы қарашада аяқталды); 8. «ОХМК» ЖШС – қолданыстағы майлы дақылдар қоймаларын 20 мың тоннаға кеңейту жолымен қайта жаңарту. Құны – 700 млн. теңге. Жұмыс орны – 10 (2021 жылы қарашада аяқталды);
Жарма ауданы
9. «Сарыбас» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 70,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Зайсан ауданы
10. «ARNA MINERALS» ЖШС – сусындар шығаратын зауыт құрылысы. Құны – 1,65 млрд. теңге. Жұмыс орны – 57 (2021 жылдың қазан айында пайдалануға берілген);
Катонқарағай ауданы
11. «Калинин» ЖШС – асыл тұқымдық репродуктор құрылысы. Құны – 300,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Көкпекті ауданы
12. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС – 1576 га алаңда суару жүйелерінің құрылысы, құны – 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 20 (жоба аяқталды, енгізу актісін ресімдейді);
Күршім ауданы
13. «Саят» ШҚ – 100 басқа арналған ТСФ құрылысы. Құны – 25 млн. теңге. Жұмыс орны – 5 (2021 жылдың желтоқсанында аяқталды); 14. «Арын» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 140,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Тарбағатай ауданы
15. «Жәнібек» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 200,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5; 16. «Бастау» ШҚ – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 850,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5; 17. «Ықыбай» ШҚ – етті бағыттағы ірі қара мал сатып алу. Құны – 1,3 млрд. теңге. Жұмыс орны – 5;
Ұлан ауданы 18. «Украинка» ЖШС – 70 га алаңда суару жүйелерінің құрылысы, құны – 41,5 млн. теңге. Жұмыс орны – 5 (2021 жылы шілде айында пайдалануға берілген); 19. «Көкжал» ШҚ – ет өңдеу цехының құрылысы. Құны – 1,0 млрд. теңге. Жұмыс орны – 30 (2021 жылы қарашада аяқталды); 20. «Көкжал» ШҚ – бордақылау алаңының құрылысы. Құны – 0,5 млрд. теңге. Жұмыс орны – 10 (2021 жылы қарашада аяқталды); 21. «Ертіс» ЖШС – бордақылау алаңының құрылысы. Құны – 60 млн. теңге. Жұмыс орны – 3 (2021 жылы қарашада аяқталды);
Үржар ауданы
22. «UrdzharAgroCompany» ЖШС – 651 га алаңда суару жүйелерінің құрылысы, құны – 889 млн. теңге. Жұмыс орны – 10 (2021 жылы қарашада пайдалануға берілген); Шемонаиха ауданы 23. «Рулиха» ЖШС – сүтті ІҚМ сатып алу. Құны – 675 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Алтай ауданы
24. «Grand fish» ЖШС – акваөсіру объектісін құру (шабақ өсіру цехы). Құны – 95 млн. теңге. Жұмыс орны – 5 (2021 жылдың тамызында аяқталды); 25. «Саннұр Агро» ЖШС – етті бағыттағы ІҚМ сатып алу. Құны – 51,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Өскемен қаласы
26. «Жаңартау КЗ» ЖШС – ет бағытындағы ІҚМ сатып алу. Құны – 96,5 млн. теңге. Жұмыс орны – 5;
Семей қаласы
27. «QazaqAstyqGroup» ЖШС – өсімдік майын өндіру бойынша май экстракциялық зауыт құрылысы. Құны – 7,9 млрд. теңге. Жұмыс орны – 240 (2021 жылдың маусым айында пайдалануға берілген); 28. «Приречное» агрофирмасы – 360 га алаңда суару жүйелерінің құрылысы, құны – 159 млн. теңге. Жұмыс орны – 25 (2021 жылдың маусым айында пайдалануға берілген).
Комментарии (0)