ШҚО-да 2022 жылы атқарылатын жол жұмыстарына қаржы бөлінді
17.12.2021 | 12.00
0
55
Облыстық мәслихат депутаттары Шығыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын бекітті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жергілікті маңызы бар жолдарда алдағы жылдары жалпы сомасы 442,3 миллиард теңге болатын 100 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Келер жылы осындай 12 жоба іске асыралады.
Облыс үшін ең маңызды жобалар – Күршім көпірінің құрылысы және Семейдегі автожол көпірін қайта жаңарту.
Сонымен қатар келесі жылы Өскемен мен Семейді айналып өтетін автомобиль жолдарының құрылысы басталуы тиіс. 2022 жылы облыс орталығының айналма жолына 500 миллион теңге, Семей айналма жолына бір миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Комментарии (0)