ШҚО-да 2025 жылға дейін 33 мектеп бой көтермек
11.05.2022 | 14.43
0
103
ШҚО-да 2025 жылдың соңында дейін 33 мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық мәслихаттың XV сессиясында облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.
- 2025 жылдың соңында дейін облыста 33 мектеп салу жоспарланған. Биыл Риддердегі 600 балаға және Ұлан ауданында 320 балаға арналған мектептер пайдалануға берілмек. Степной кентіндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ ол негізінен жыл соңына дейін облыс бойынша 7 мектепті пайдалануға беру туралы жоспар барын да айтып өтті.
Комментарии (0)