ШҚО-да 23 жаңа учаскелік полиция пункті салынады
24.11.2021 | 09.34
0
43
ШҚО-да бес жыл ішінде 23 жаңа учаскелік полиция пункті салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция учаскелерін көбейтудегі мақсат – облыс тұрғындарына полиция қызметін қолжетімді ету. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жаңа техникамен және көлік құралдарымен жабдықталады.
Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің Семей әкімі Бақытжан Байахметовпен өткен кездесуі барысында айтылды.
- Біз полиция қызметінің тұрғындар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз еткіміз келеді. Осы мақсатта бес жыл ішінде 23 учаскелік полиция пунктін салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда жеті модульдік пост ашылды, оның бесеуі Өскеменде, екеуі – Семейде. Сондай-ақ, қызметтік көлік пен компьютерлік техника сатып алу жоспарланған. Қазір бірінші учаскелік полиция пункті өз жұмысын бастап кетті, - деді Сағат Мәдиев.
Айтуынша, учаскелік инспекторларға 20 қызметтік автомобиль беріліпті.
Бұл шаралар полиция жұмысының сервистік моделін енгізу аясында атқарылып жатыр. Полиция жұмысының сервистік моделі адамдардың қорғалу дейгейі мен олардың билік органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған.
Комментарии (0)