ШҚО-да 3,2 мыңнан астам спорт секциясы ашылады
19.01.2022 | 12.55
0
14
2021 жыл Шығыс Қазақстан облысы үшін табысты жыл болды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің серпінді өсуі байқалды.
Халықтың әл-ауқатының маңызды факторларының бірі – салауатты өмір салты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылдың тамыз айында бұқаралық және балалар спортын дамытуға жағдай жасау қажеттігін атап өткен болатын. Бұл ұлтты сауықтыруға, сондай-ақ әлемдік аренада елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2025 жылға дейін кезең-кезеңімен облыстың жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады, оның ішінде биыл 1268 секция (22 мың балаға) жұмыс істей бастады. Бұдан басқа, меншік нысанына қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді (мемлекеттік тапсырыс 2021 жылы – 5 мың бала, 2025 жылы – 15 мың бала).
Былтыр балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 135 мыңына немесе 69,4 пайызына денешынықтырумен және спортпен тегін айналысуға мүмкіндік жасалды (2020 жылы – 85 мың бала, қамту – 44 пайыз).
Облыста спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. 2020 жылы 6 ірі жаңа спорт нысаны (4 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 2 жүзу бассейні) пайдалануға берілді. Былтыр тағы 14 спорт нысанының құрылысы жүргізілді (үстел теннисі орталығы, 11 денешынықтыру-сауықтыру кешені және 2 спорт модулі, негізінен жұмыс істеп тұрған және бұрынғы аудан орталықтарында, шекара маңындағы өңірлердің ауылдарында). Оның ішінде Алтай ауданының Серебрянка қаласында, Көкпекті ауданының Самар ауылында, Үржар ауданының Қабанбай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді, 3 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жоғары жетістіктер спортын дамыту шеңберінде келесі жылдан бастап халықаралық деңгейдегі спорт консультанттарын тарта отырып, басым түрлер бойынша өзіміздің жаттықтырушыларымызды оқыту жоспарлануда.
Комментарии (0)