ШҚО-да 300-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
12.01.2022 | 11.07
0
31
Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде 5-12 қаңтар аралығында 322 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның басым бөлігіне, нақтырақ айтқанда 298 адамға тәртіп бұзды, бейбіт жиын өткізді деген айып тағылып отырған көрінеді.
Бұл туралы ШҚО коменданты, ПД міндетін атқарушы Серік Жүнісбеков айтты.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған танымал журналистердің, қоғам белсендірелі мен блогерлердің есімдерін атады.
- Қоғам белсендісі Александра Осипова ҚР ӘҚБтК - нің 488-бабы-тәртіпті бұзу және бейбіт жиналыстар өткізу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Осы фактілер бойынша барлық материалдар сотпен қаралды, "Сергек" камераларынан бейнежазбалар бар, сондай - ақ жоғарыда аталған азаматтар митинг кезінде фото - және бейнежазба жүргізген, - дейді ШҚО коменданты Серік Жүнісбеков.
Полиция қала тұрғындарына жалған ақпаратты жария етуге жол берілмейтінін, ол үшін қылмыстық жауапкершілік пен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделетінін еске салды.
Комментарии (0)