ШҚО-да 38 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
25.11.2021 | 15.34
0
59
Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында облыс аумағында "Участок"жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталған іс-шара аясында 22 қараша күні қызметкерлер 307 175 пәтерді, 229 134 жеке үйді, 3 347 жалдамалы пәтер мен 51 594 саяжай үйлерін аралап шықты. Сондай-ақ 5 778 шаруа қожалығы мен қыстақтар, базарларда және басқа сауда орындарындағы 2 009 сауда нүктелері тексерілді.
ІІО есебінде тұрған - 42 498 адам , шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған - 5 644, әкімшілік қадағалау белгіленген – 1 560, мінез – құлықына ерекше талаптар белгіленген – 4 329, қорғау нұсқамасы шығарылған-8 004, формальды – әкімшілік қадағалауға жататын – 5 275, пробация қызметінде тұрғае – 10 685, қолайсыз отбасылар тізімінде тұрған -7 001 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Нәтижесінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 580 ұсталды. 38 696 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБК-нің 73 – бабы бойынша отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін-1 152, ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы бойынша ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін-124, ҚР ӘҚБК-нің 204-бабы белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін
– 326, 434-бап бойынша ұсақ бұзақылық үшін – 1 599, ҚР ӘҚБтК 434 – бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін-3 280, ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша –
алкогольді ішімдіктерді ішу немесе пайда болу үшін қоғамдық орындарда мас күйінде-8 049 адам бар.
Заңсыз айналымнан тіркелмеген 38 атыс қаруы тәркіленді.
Комментарии (0)