ШҚО-да 500-ге жуық оқушы коронавирус жұқтырды
24.11.2020 | 10.02
0
312
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 500-ге жуықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, аймақ көлемінде 477 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары – 125, ал 352 бала – онлайн білім алушы.
Сондай-ақ облыс бойынша 108 мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталғанын айта кетейік.
Комментарии (0)