ШҚО-да 7 мың бас ірі қараға арналған 3 бордақылау алаңы салынып жатыр
12.11.2021 | 16.10
0
81
Жыл басынан бері ірі қара саны 3,5 процентке, ұсақ мал басы - 0,9, жылқы –9,4, құс саны – 1,2 процентке өсті.
Салалық бағдарлама аясында биыл ШҚО-да 7 мың бас ірі қараға арналған 3 бордақылау алаңы салынып жатыр. Олар: Ұлан ауданында «Көкжал» шаруа қожалығы, Тарбағатай ауданында «АсылАгро-7» ЖШС және «Мәуліт» шаруа қожалығы.
Жақында Ангус тұқымын өсіруімен айналысатын «Елім-Ай Көкпекті» кәсіпорны бір мезгілде 5 мың бас ірі қара ұстауға болатын алаңды іске қосты. Мұнда асыл тұқымды малдың санын 3 мыңға дейін жеткізуге болатын репродуктор бар.
- 2025 жылға дейін 46 мың басқа арналған, 20 бордақылау алаңы пайдалануға беріледі. Қабылданған шаралар, 5 жыл ішінде облыстың ет балансын 5 процентке арттыруға мүмкіндік береді, - дейді Даниал Ахметов Нұр-сұлтан қаласындағы брифингте.
Комментарии (0)