ШҚО-да 77 үміткер ауылдық округ әкіміне сайлауға түсіп отыр
25.07.2021 | 11.05
0
91
Облыс аумағында барлығы 77 үміткер ауылдық округ әкіміне сайлауға түсіп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Үміткерлердің ең көп саны Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округінде, Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылдық округінде, Глубокое ауданының Ушанов ауылдық округінде тіркелген. Аталған округтерде төрт адамнан, 72 сайлау округінде үш адамнан, қалған 2 сайлау округінде 2 кандидаттан.
Кандидаттардың жалпы санының ішінде 171 ер адам және 61 әйел адам. Кандидаттардың орташа жасы - 44 жыл. Ең жас кандидат 26 жаста, ол Алтай ауданы Тұрғысын ауылдық округінің әкімдігіне үміткер. Ең жасы үлкен кандидат 61 жаста, ол Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің әкіміне дауысқа түседі.
89 кандидат ауылдық округте тұрады, олардың 128 – і ауданда, 14 – і облыста. Бір кандидат ауылдық округте дүниеге келген, бірақ Талдықорған қаласында тұрады. Ол - Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің әкіміне үміткер.
Көкпекті ауданының Палацын ауылдық округінде, сондай-ақ, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округінде ауыл әкіміне үш әйелден үміткер болып отыр.
Комментарии (0)