ШҚО-да 99 балаға baby-бокстар тарту етілді
20.12.2021 | 12.38
0
40
ШҚО-да 16-17 желтоқсан күндері өмірге келген 99 нәрестеге baby-бокстар тарту етілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өңірде айтулы мереке күндері 99 сәби дүниеге келген.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалы мәлімдеді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай берілген «Сүйінші» сыйқорабында бөбектерге қажетті заттар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі бар.
- Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін! – деп жазылған Президенттің құттықтауында.
Нәрестелердің туу туралы куәліктеріне өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметкерлері қабылдап, АХАЖ органдарына жолдаған.
- Тәуелсіздік күні туған сәбилердің ата-аналары мерекенің 30 жылдығына орай «Сүйінші» сыйқораптарын алды. АХАТ қызметкерлеріне туу туралы куәліктерін ресімдегені, Қазпошта қызметкерлеріне сыйқораптарды жеткізгені және барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов.
Айта кету керек, 16 желтоқсан күні облыста дүниеге келген алғашқы балаға Әміре есімі берілген.
Комментарии (0)