ШҚО-да Абай облысына 40 колледж, 301 жалпы білім беретін мектеп ауысқан
25.06.2022 | 11.03
0
45
22 маусым күні облыстық білім басқармасы 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ТжКБ директорлары, мамандандырылған, арнайы ұйымдар мен жетім балаларға арналған ұйымдардың директорлары «Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі» тақырыбында кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай облысын құру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысынан Абай облысы құрамына 10 аудандық және қалалық білім бөлімі, 40 колледж, 301 жалпы білім беретін мектеп, 157 балабақша, 3 мамандандырылған мектеп, 16 арнайы ұйым және жетім балаларға арналған 4 ұйым ауысқан.
- Кеңес барысында білім беру жүйесіндегі 25 жылдық бірлескен жұмыс ішіндегі жетістіктер туралы алғыс айтылып, Шығыс Қазақстан облысы педагогтері жаңадан құрылған Абай облысынан келген әріптестеріне сарқылмас ынта мен оптимизм, үздік идеялар мен кәсіби жетістіктер тілектері айтылды. Артынша, халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің педагогтері кеңес қатысушыларына салтанатты концерт берді, - дейді ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Комментарии (0)