ШҚО-да алдағы күндері қар көшкіні жүруі мүмкін
14.01.2022 | 11.54
0
19
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 14-17 қаңтар аралығында ШҚО-ның таулы аудандарында метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Өскемен-Самар, Өскемен – Алтай, Согорное - Барлық, Берел – Рахман қайнарлары (Катонқарағай ауданы), Зубовка – Путинцево, Лениногор – Чекмарь кеніші автожолдарының бойындағы учаскелер аса қауіпті болып табылады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай қызметкерлері қала тұрғындарына таулы аймақтарға бармау керектігін ескертеді. Сондай-ақ қандай да бір төтенше жағдайға тап болғанда «102» нөміріне хабарласу керектігін еске салады.
Комментарии (0)