ШҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
26.07.2021 | 13.52
0
96
ШҚО-да белгілі аудандардың бірінде әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті облыс аудандарының бірі әкімінің орынбасарына қатысты кәсіпкерден 1 800 000 теңге сомасында, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Ведомство тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын атап өтті.
Комментарии (0)