ШҚО-да азаматтарды әлеуметтік қолдау саласы баста назарда
21.12.2021 | 15.48
0
33
ШҚО-да көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз ету және тамақтандыру қарастырылған. Көп балалы ата-аналар мектепке дейінгі мекемелерге ақы төлеуден босатылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сондай-ақ жоғарыда аталған отбасы балалары үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тамақ пен жатахана да ақысыз болып табылады.
Биыл көп балалы отбасыларға жеңілдік шарттарымен 124 өтінім бойынша 555 миллион теңге шағын несие берілді. Мұндай қолдау шаралары шағын бизнестің белсенді дамуына көмектеседі.
Бұдан басқа, облыста көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кезең – кезеңмен бағдарламасы іске асырылуда. Ол бойынша 3 мыңға жуық отбасы өз баспаналарын алды.
- Оларға тұрғын үй берудің бұл деңгейі мәселе толық шешілгенге дейін сақталатын болады. Бұл ретте 2017 жылдан бастап кезекте тұрған осындай отбасылардың саны бес есеге артқанын атап өту қажет, - деп түсіндірді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Комментарии (0)