ШҚО-да азық-түлік қоры жеткілікті
11.01.2022 | 09.18
0
36
Сауда орындарында дүрлігуге негіз жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кейбір сатушылардың айтуынша, соңғы күндері нан мен ұнға сұраныс артқан. Алайда кәсіпкерле нан және басқа да азық-түліктерді жеткізу бір сәтке де тоқтамағанын атап өтті.
– Агросектор және сүт, ұн, ет өндірісі тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Өнімдерді нарыққа жеткізу жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сауда нысандарында азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлардың жеткілікті қоры бар, – деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Комментарии (0)