ШҚО-да БАҚ және этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды
16.12.2021 | 18.44
0
20
Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай ШҚО-да БАҚ саласының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, азаматтық белсенділер нәтижелі еңбектері үшін мемлекеттік, облыстық дәрежедегі марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекеттік наградаларды және облыс басшылығының алғыс хаттарын ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев табыстады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлықтарымен «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымы облыстық филиалының басшысы Равиль Юнусов «Халық алғысы» медалін алды.
Сондай-ақ, бірқатар тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен және облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен наградталды.
Комментарии (0)