ШҚО-да балалар қан ауруына жиі шалдығады
28.11.2021 | 12.01
0
56
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, биыл өңірде 178 297 бала профилактикалық мақсатта медициналық тексеруден өткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тексеруден соң мектеп жасына дейінгі балалардың арасында қан ауруының жиі кездесетіні белгілі болды. Одан кейінгі орында – тыныс алу жүйесінің аурулары. Сондай-ақ эндокриндік аурулар, ағзадағы зат алмасудың бұзылуы және семіздік сынды сырқаттар да бар.
– Ал мектеп оқушылары арасында бірінші орында – көз ауруы, екінші орында – ас қорыту жүйесінің, үшінші орында – жүйке жүйесінің аурулары тұр, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Комментарии (0)