ШҚО-да бірқатар нысанның жұмыс істеуіне қайта рұқсат берілді
21.01.2022 | 15.09
0
21
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлердің өтініші бойынша дәмхана, мейрамхана, түнгі клуб, караоке бар, бильярд және банкет залдарының жұмыс уақытына қатысты шектеуді алып тастау туралы шешімге келді.
Бірақ нысандағы сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс. Діни нысандарда (мешіт, шіркеу, собор, синагога) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және тағы басқасын.) өткізуге рұқсат берілді. Мұнда да ғимарат тек жартылай толуы тиіс.
«Банкет залдары үшін адам саны 100-ден аспауы қажет. Түнгі клубтар үшін – жалпы жобалық сыйымдылықтың 70 пайызын, караоке барлар үшін – 50 пайызын құрайды. Осылайша, кәсіпкерлер өз қызметін жалғастырып, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік алады», - деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі.
Комментарии (0)