ШҚО-да биыл тағы 15 тұрғын үй пайдалануға берілді
22.12.2021 | 19.08
0
46
Семей қаласында 328 мың шаршы метр алаңдағы көпқабатты 65 тұрғын үй тұрғызылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 157,1 мың шаршы метр.
- Биыл 66,6 мың шаршы метр алаңдағы 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 8-і несиелік, 7-і коммерциялық үйлер. Жыл соңына дейін тағы 11 үйді пайдалануға беру жоспарлануда, жалпы алаңы – 58,8 мың шаршы метр. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде жеке инвесторлар есебінен 53 жеке тұрғын үй бой көтерді, жалпы алаңы – 6,8 мың шаршы метр, жыл соңына дейін 4,9 мың шаршы метрді құрайтын тағы 20 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деп мәлімдеді Бақытжан Байахметов.
Алдағы жылы жалпы алаңы 204,5 мың шаршы метрдегі көпқабатты 39 үйдің құрылысы аяқталады.
Комментарии (0)