ШҚО-да дәрігерлер жамбас сүйегі сынған 90 жастағы әжені аяғынан тік тұрғызды
26.11.2021 | 09.05
0
44
Семей қаласының тұрғыны үйінің алдында құлап, жарақат алған. Жасы 90-ға келген әжеге Семей қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасы травматолог-ортопедтері жамбас буынын жартылай протездеу бойынша ота жасап, аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жоғары технолоиялы көмек қарияға МӘМС аясында жүргізілді.
- - Әжей бізге жабық субкапиталды жамбас мойынының сынығымен келіп түсті. Пациентіміздің жасын ескере отырып, ота алдындағы дайындықты мұқият жүргіздік. Біз бұл ретте науқасқа көмектесудің бір ғана тактикасын қолданамыз деп шештік. Бұл – жамбас буыны жартылай эндопротездеу. Жүргізілген азинвазивті ота біздің науқасқа төрт күннен кейіннен өз аяғына тұрып, бөлімшеде алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді. Отадан кейінгі барлық реабилитациялық шараларды өтіп, аман-сау үйіне жіберілді, - дейді Семей қаласының ЖМКА травматолог-ортопеді Асет Садықов.
Дәрігердің айтуынша, қарт адамдар арасындағы ең ауыр жарақаттар қатарына жататын жамбас сүйегінің сынуы науқаста қосымша басқа да аурулардың пайда болуына әкеледі. Мәселен, төсек тартып қалған сырқат адамның бойында тромоэмболия, атеросклероз, қан тамырларының тромобзына әкелуі әбден мүмкін.
Дегенмен, соңғы жылдары өңірдегі жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын медициналық көмектің көлемі артып келеді.
Комментарии (0)