ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасынан игіліктеніп отырғандар көп
21.12.2021 | 16.00
0
31
Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасынан игіліктеніп отырғандар көп. Мәселен Риддер қаласында бүгінге дейін 7 000-нан астам адам аталмыш бағдарлама бойынша жоба дайындап, бәсекеге түсіп көрген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 2017-2021 жылдар аралығында Риддер бойынша бағдарламаға 7040 адам қатысты. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 4089 адам орналасты. Уақытша жұмыс орындарына – 1735 жұмыссыз тұрғын, әлеуметтік жұмыс орындарына – 214 адам жұмысқа тұрды. Жастар тәжірибесі бойынша тағы 138 адам, қоғамдық жұмыстарға – 1383 адам атсалысуда, – деді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой.
Оның айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында жеңілдетілген несие және өтеусіз гранттар түрінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін таптырмас мүмкіндіктер бар. Бағдарлама бойынша шағын бизнестің 25 субъектісіне шағын несие және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 165 грант берілді.
Комментарии (0)